Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • ru
  • Бөрлі негізгі қазақ мектебінде 1-қыркүйек 2016-2017 оқу жылына арналған "Сәлем саған алтын ұя мектебім" атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Алғашқы білім күні1-10 сыныптарда "Мен өз Отанымның патриотымын!" тақырыбында тәрбие сағаттары оздырылды. Салтанатты жиынға БҚО ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Оңғарбеков Марат Кенжетайұлы, Бөрлі аудан әкімінің орынбасары Каналин Жанабай Нәбиұлы, аудандық маслихат депутаты Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы, Бөрлі ауылының әкімі Баштовенко Владимир Григорьевич,Бөрлі АШК-нің директоры Өтемұратов Мұрат Жолтайұлы, Бөрлі аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық мекемесінің директоры Хасанов Зинур Хамидұлы және ардагер ұстаз Мендыбаева Қарлығаш Өтебайқызы қатысып, оқушылар мен ұстаздарға өз тілек лебіздерін білдірді.


    "Мектепке жол" акция

    "Мектепке жол" акциясы аясында Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінде көмек қолын созу мақсатында "АксайГазСервис" АҚ президенті Т.И.Шектыбаевтың демеушілік қолдауымен және акционерлік қоғамның  әкімшілік шаруашылық қызметінің басшысы У.С.Кабиев пен қоғамдық келісімнің төрағасының орынбасары С.В.Пустобаевтың ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж 8 отбасы балаларына мектеп формалары мен аяқ киімдер табыс етілді. Аталмыш акция барысында Бөрлі ауылы әкімшілігі тарапынан 8 аз қамтылған көп балалы отбасы балаларына мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамассыз етілсе, Бөрлі орман шаруашылығы -3, Ауыл шаруашылық колледжі-3 және Бөрлі аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық мекемесі тарапынан- 2 аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдары берілді. Барлығы 24 оқушы көмек алды. Ата-аналар демеушілерге балаларына көрсетілген көмекке үлкен алғыстарын білдірді. Аталмыш шарада мектеп директоры И.Т.Сатимов акция атсалысқан демеушілерге мектеп атынан шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.












    07.09
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки